Қатты құрғақшылық болады – Қазгидрометтің маусым айына болжамы

290

0

Қазгдиромет маусым айында қатты құрғақшылық болады деп болжам жасады.

Статистикалық болжамға сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде маусым айында ылғал жеткіліксіз болады.

«Ақмола (Жақсы ауданы), Ақтөбе (Әйтеке би мен Хромтау аудандары), Шығыс Қазақстан (Бесқарағай ауданы) және Маңғыстау облысында (Қарақия ауданы) қатты құрғақшылық, ал Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында және Қостанай облысының Амангелді ауданында экстремалды құрғақшылық болады «, – делінген ресми хабарламада.
Сонымен қатар синоптиктер алдағы күндері ыстықтың беті қайтып, күн салқындайтынын мәлімдеді.

«Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауады, екпінді жел соғады, орталықта, елдің солтүстік-шығысы мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жаууы мүмкін», – дейді синоптиктер.
Қазгидрометтің мәліметіне сәйкес, республиканың батыс өңірлері ғана антициклон жотасының ықпалында болады. Соның әсерінен жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады.

Республиканың солтүстік жартысында түнде температура 5-13, күндіз 12-20 градусқа дейін күрт төмендеуі мүмкін, ал оңтүстік жартысында түнде 10-18, күндіз 18-27 градусқа дейін жылынады.

Спутник.кз

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз