Қытай әуежайында 113 жолаушысы бар ұшақ өртенді

541

0

Бейсенбі күні таңертең Қытайдың Чунцин халықаралық әуежайында Чунцин-Лхаса бағытындағы ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, өртенді. Ұшақта 113 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі болған, деп хабарлайды ҚазАқпараттың Қытайдағы меншікті тілшісі.

Бұл туралы әуежай хабарламасында айтылған. 113 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі эвакуацияланды, зардап шеккендер бар. Хабарламаға сәйкес, 12 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 08:09-да Tibet Airlines компаниясының 122 жолаушысы мен экипажы бар ұшағы ұшу-қону жолағынан сырғып шығып, өртеніп кеткен. Оқиға Қытайдың оңтүстік-батысындағы Чунцин қаласындағы «Цзянбэй» халықаралық әуежайында болды.

Барлық 113 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі қауіпсіз жерге шығарылды. Жарақат алған 40-тан астам жолаушы ем алу үшін қалалық ауруханаларға жеткізілді. Қазіргі уақытта Чунцин Цзянбей халықаралық әуежайында ұшу-қону рейстері қалыпты жағдайға оралды. Оқиғаның себебі анықталуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<