Қызылордада балалардың туберкулез ауруынан көз жұму жағдайы тіркелмеген

598

0

Қызылордада балалардың туберкулез ауруынан көз жұму жағдайы тіркелмеген.

Жалпы облыс көлемінде жыл басынан бері туберкулездің 310 жаңа жағдайы тіркелген, бұл 2019 жылыдың осы кезеңімен салыстырғанда 18,3%-ке төмендегенін көрсетіп отыр. Індеттен көз жұму деңгейі де 35,3%-ке азайған, оның ішінде балалар мен жасөспірімдер арасында бірде-бір жағдай тіркелмеген.

Есепті мерзімде туберкулез ауруына қарсы 17 245 сәби вакцинация және 9 131 ревакцинация арқылы, барлығы 26 376 балаға егу жұмыстары жүргізілген. Егуден кейінгі асқыну жағдайлары тіркелген жоқ.

Жыл басынан флюрографиялық тексерумен облыс тұрғындарының 96,8%-і қамтылған.

Санитариялық мамандар тарапынан туберкулезге қарсы екпенің маңыздылығы және туберкулезді алдын алу бойынша ағарту жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.

egemen.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<