Шахтада бірнеше рет жарылыс болып, 11 адам қаза тапты

295

0

Фото: ашық дереккөз

Колумбияда елдің орталығындағы Сутатауса муниципалитетіндегі шахтада бірнеше рет жарылыс болып, 11 адам қаза тапты деп хабарлады turkystan.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

El Tiempo басылымының хабарлауынша, шахтада 30-дан астам кенші болған.

Кундинамарка департаментінің директоры Николас Гарсиа Бустостың Twitter-дегі жазбасына қарағанда, жергілікті сағат 05:20 минуттағы жағдай бойынша, тоннельде 17 адам қалып қойған. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Сутатаустегі көмір шахталарының біріндегі жарылыс сейсенбі күні кешкісін болды. Артынан көрші 4 шахтада бірнеше рет жарылыс болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<