Шибөрі аулағыңыз келсе…

1968

0

Шибөрі және қасқыр үй жануарларына, сондай-ақ адамға шабуыл жасауы, жануарлар дүниесі арасында әртүрлі ауру қоздыруға әсер ететін жыртқыш болғандықтан, саны реттелетін аң түріне жатқызылған.

ҚР ЭГжТРМ-нің 30.12.2020 жылғы № 347 бұйрығымен «Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына сәйкес, Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы тарапынан қасқыр және шибөрі аңдарының санын реттеу үшін рұқсат құжаттар беріледі.

Сонымен бірге, ҚР АШМ 27.02.2015 жылғы № 18-03/157 бұйрығымен бекітілген «Аң аулау қағидаларына» сәйкес, елдi мекендердiң жерлерiнде, сондай-ақ олармен iргелес аумақтарда аң аулау ережелерiне сәйкес аңшылық атыс қаруын қолдану қауiпсiздiгi қамтамасыз етiлетiн қашықтықта жүргізу қажет.

ҚР 09.07.2004 жылғы «Жануарлар дүниесін қорғау өсімін молайту және пайдалану туралы» № 593 Заңының 45-бабына сәйкес, Жануарлар түрлерінің санын реттеу биологиялық негіздеме негізінде жүргізіледі.

Биыл әзірленген биологиялық негіздемеге сәйкес, Қызылорда облысының көлемінде қасқыр және шибөрі аңдарының санын реттеуге лимит бөлінген.

Азаматтардың өтініштеріне сәйкес, бүгінгі күнге дейін қасқыр аңдарын аулауға бөлінген лимиттің толық игерілуіне байланысты, қасқыр аңдарын аулауға рұқсат құжаттары берілмеуде.

Аталған биологиялық негіздемеге сәйкес, Қызылорда облысы көлемінде шибөрі аңдарын аулауға рұқсат құжаттарын беру жалғасуда.

Азаматтардың шибөрі аңын аулауға рұқсат алу үшін жолданатын өтініштерінде рұқсат құжатын пайдаланушының аңшы куәлігі мен аңшы қаруына берілген рұқсат құжатының номерлері, берілген күні мен жарамдылық мерзімдері көрсетілуі керек.

Бұдан кейін, өтінішті толтыру барысында ауланатын аңның саны 3 дарақтан аспауы керек.

Өтініште жануарлардың санын реттеу учаскенің ауданы (аумағы) және шекарасы – өтініш жіберіліп отырған облыстың аумағында ауланатын аңның нақты ауданы көрсетілуі қажет.

Мысалы, егер Ақтөбе облысының аумағынан жыртқыш аңдардың санын реттеу қажет болса, өтінішті қалыптастыру барысында Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясын таңдау қажет.

Өтініште рұқсат құжатын пайдалану мерзімін өтініш жіберілген жылдың соңына дейінгі мерзім көрсетілу керек.

Сонымен бірге, инспекция тарапынан келесі негіздер бойынша өтінішке рұқсат құжатын беруден (мемлекеттік қызмет көрсетуден) бас тартылады:

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті, ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айрылған соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы.

Осыған байланысты, шибөрі аңдарының елді мекен тұрғындарының денсаулығына зиян келтіруін болдырмау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жануарлар дүниесі арасында ауруларды болдырмау мақсатында шибөрі аңын аулауға арналған рұқсат негізінде аңшы азаматтарға шибөрі аңдарын аулауға болады.

Р.БУРАБАЕВ,

 «Қызылорда облыстық орман

шаруашылығы және жануарлар

дүниесі аумақтық инспекциясы»

РММ бөлім басшысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<