Тілегімен тірек болған ардагерлер

524

0

Сыр елінде 74 мыңнан ас­там зейнеткер-ардагер бар. Әрбір ауылда, әрбір ауданда, қалада, бар­лығы – 728 ар­­дагерлер ұйымы жұ­мыс істейді. Біз қарт­та­ры­мыздың тұрмыс-тіршілігін солар арқылы біліп отырамыз.

Кезінде қызмет істеген, саналы ғұмырын елінің еңбегіне арнаған бұл кісілердің әр қайсысы облыстың ата басылымын кемінде жарты ғасырдан жанына серік еткен адамдар.

Олар осы дәстүрінен күні бүгінге дейін айныған емес. «Сыр бойын» әр күннің пош­тасынан асыға күтетін де солар. Бұл істе аймағымыздың руханиятшыл кәсіпкерлерінің ардагерлерге демеушілік жасап, газет жазылымына көмек көрсетіп келе жатқанын да айта кетуім керек. Дегенде, осы бастаманы ширықтыра түсу ардагерлерімізге рухани қолдау болар еді. Мұны елжанды азаматтар қолға алады деп білемін.

«Қарты бар үйдің қазынасы бар» деген сөздің төркіні тереңде жатыр. Елімізде болып жатқан жаңалықтар мен жақсылықтарға құлағы түрік қарттар қашан да өзінің ақ батасын беріп, тілеулес болып отырады.

Сондықтан, ардагерлеріміз жанына қуат, жанарына сәуле құйған төл газеттерін жаздырып алуға келгенде биыл да белсенділік танытады деп сенемін. Өйткені, олар қашан да үлгі мен өнеге қалыбы, өмірден түйгенін өзіне кейінгі ұрпаққа аманаттаушы мирас иелері.

Серік ДҮЙСЕНБАЕВ,

облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<