Тулар туралы не білеміз?

2295

0

Әр мемлекеттің туы болады. Мемлекет дейміз-ау, ол тіпті кейбір қалалардың, жекелеген ұйымдардың өзінде бар. Осы орайда ту туралы сіз бен біз біле бермейтін бірен-саран деректі назарға ұсынбақпыз.

* Туды зерттейтін ғылымды «вексиллология» деп атайды.

* Соғыс кезінде Филиппин өзінің мемлекеттік символын төңкеріп қояды.

* Бүкіл мемлекеттік ту тік­төрт­бұрыш пішінді. Соның ара­сында Непальдікі ғана ерекше – екі үшбұрыштың қосындысынан тұрады.

* Данияның қызыл және ақ түсті крестермен айшықталған мемлекеттік туы әлемдегі әлі күнге дейін қолданылып жүрген ең ежелгі ту саналады.

* Челябинскте Ойсыл қара тұқымы мүлде кездеспесе де туында түйенің бейнеленуі қызық. Неге? Өйткені ХІХ ғасырда керуен жолының саудасы қала кірісінің басты көзі болған. Сондықтан халық осы үй жануарын қадір тұтқан.

* Австрия мен Литваның мемлекеттік рәміздері ұқсас. Айырмашылығы түсінде ғана. Дәл осындай жағдай бір кез­дері Монако мен Индонезия арасында кикілжің туғызған болатын.

* Қаралы күнде көптеген мемлекеттің туы төмен түсі­рілетіні белгілі. Алайда, мұның Сауд Арабиясына қатысы жоқ.

* Халықаралық құқық бо­йынша ақ ту бейбіт келіссөз символы саналады. Оны алып жүруші адамға қарата от шашу қылмыспен тең.

* Филиппин байрағындағы түстер соғыс кезінде бір-бірімен ауысып тұрады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<