Жаңа кезеңге жолдама

376

0

Сенбі күні облыстағы барлық білім ордасында мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсырылып, 11 жыл білім алған шәкірттер мектеппен қоштасты. Оқу озаттары «Алтын белгі», «Үздік аттестат» иегері атанды.

Өмір жолындағы ең маңызды кезеңге қорытынды жасаған олар үшін аттестат білім жолындағы жаңа кезеңге жолдама сынды.

Ерекше күнде түлектердің қуа­ны­шына ортақтасқан облыс­тық білім бас­қар­ма­сының бас­шысы Ақзира Қа­сымо­ва Қызылорда қа­­ласындағы №218 мектепке ба­рып, шәкірттерді құт­тықтады.

Білім ұясында 16 оқушы 11-сыныпты аяқтап отыр. Оның 3-і «Алтын белгі» иегері. Оқушылардың барлығы ұлттық  бірыңғай тестілеуге қатысып, көпшілігі жоғары балл иеленуде. Салтанатты шарада түлектер әннен шашу шашса, ата-аналар ақ тілектерін арнап, шәкірттер ұстаздарына алғысын білдірді. Басқарма басшысы мектеп бітіру салтанатынан кейін білім ұясының жағдайымен танысып, сыныптарды аралап, ұстаздармен тілдесті.

Айта кетейік, аймақта биыл 7007 оқушы мектеп бітірді. Оның 597-і «Алтын белгі» иегері атанса, 493-і «Үздік аттестат» иегері.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<