Жаңа кондитер орталығы

714

0

Кондитерлік орталық ашу үшін жоба жетекшісі Айдана Ілиясова былтыр «Нәтижелі жұмыспен қамтудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдар­ламасы арқылы 6 млн теңге жеңілдетілген несие алды. Бұл қаржыға жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар сатып алып, орналас­тырды. Қазір «Айсұлтан» кондитерлік орта­лығында тұрғындар тапсырысына сай тәтті тоқаштар, әртүрлі үлгідегі торттар әзірленеді. Орталық жетекшісі төрт адамды тұрақты жұ­мыспен қамтып отыр.

Айдана Ілиясованың негізгі мамандығы – қар­жыгер. Он жылдай ау­дандық білім бөлі­мінде еңбек етті. Соңғы жылдары бала күтіміне байланысты демалыста болатын. Осы уақытта ақпарат көздері арқылы жоғарыда аталған «Еңбек» мемлекеттік бағ­дар­ламасының шарттарымен танысып, бағын сынап көрді. Нәтижесінде, бағ­дарлама аясында кон­дитерлік салада қо­сымша білім алып, өз кәсібін бас­тады.

– Жалағаш ауданының сауда-саттық ­саласына көп еңбек сіңірген Боранкүл Бегімбетова – менің әжем. Сол кісінің тәлімін алған анам  Сәуле  Баймағанбетова да – бү­гінде жеке кәсіпкер. Сон­дықтан бұл салада біздің отбасылық ­тәжі­ри­бе­міз бар, – дейді Айдана Ілиясова.

Бүгінде ауданда үш кондитерлік орталық қыз­мет көрсетеді. Бұл кә­сіп­керлер арасында бә­се­келестік орнатып, жұ­мыс сапасының артуына ықпал ететіні сөзсіз.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<