Кәсіп ашсаңыз, қолдау бар…

175

0

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Off the record» жобасы басталды. Бұл шетелдік медиада танымалдылыққа ие жобаның альтернативасы. Жалпы, «Off the record» журналист пен ақпарат көзінің жазбадан тыс ақпарат алу тәсілі.

Жабық жазба болғаннан кейін неліктен бұл жобаның бастау қажеттілігі туындады деген сауал болатыны рас. Дегенмен, белгілі бір тақырып бойынша нақты ақпарат көзінен алынған соң, әлеуметтік желіге тікелей эфирде шығуды және оны жариялауды жөн көрдік. Алғашқы шығарылымның қонағы – облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Азамат Каюпов болды.

Оның айтуынша, бүгінде аймақта 70 мыңнан аса адам кәсіппен айналысады. Олардың 40 пайызы жастардың үлесіне тиесілі. Қызылордалықтардың басым бөлігі ауыл шаруашылық саласы кәсібіне бейімделген. Өңдеу өнеркәсіптері мен туризм саласы кенжелеп тұр. Азамат Биғалиұлы облыстағы шағын және орта кәсіпкерлік саласын қарқынды дамытуға қанша қаржы бөлінгені, кәсіппен айналысушылар саны қанша пайызға артқаны туралы айтты. Сондай-ақ, қала жастарынан бөлек, аудан мен ауыл жастарының кәсіп ашуына мемлекеттен қандай қолдаулар барын және қандай кедергілерге жолығатыны жайында толығырақ тарқатты. Ел экономикасына кәсіпкерлік саласының маңызы зор. Кәсіпкерлікті дамытудағы басты мақсат та – ел экономикасын күшейту ғой. Сондықтан кәсіпкерлікті жүзеге асыруға бағытталған шаралар легі жалғаса береді деп сенеміз.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<