«АгроЛидер таң» ЖШС өнімдері ауыл тұрғындарына қолжетімді

659

0

Жалағаш ауданындағы Таң ауылдық округіне қарасты Жаңақоныс елді мекенінде «АгроЛидер Таң» ЖШС-ның ет бумалау, консервілеу цехы жұмыс істеуде. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде жүзеге асқан жоба. Мұнда күніне 10 ірі қара сойылып, 500 келі ет өңделеді.
Цех құрылысы өткен жылдың тамыз айында басталып, биыл мамырда аяқталды. Ғимаратта мал сою, ет кесу және бумалау бөлмелері, мұздатқыш орналасқан. Жауапты жұмысты ветеринар, технолог, зертханашылар атқарады.
– Біздің өнімді әзірге өңір тұрғындары тұтынуда. Алдағы уақытта нарық ауқымын ұлғайтып, басқа облыстармен байланыс орнатуға бекініп отырмыз, – дейді «АгроЛидер Таң» ЖШС директоры Сәкен Шағыртаев.
Айта кету керек, өткен жылы аталмыш ауылдық округте күріш ақтайтын зауыт, жалпы құны 56 млн теңгені құрайтын, бір мезетте 100 адамды қамти алатын спорт кешені ашылған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<