Алтын өзек, арқау жібіміз – домбыра

433

0

Ұлтымыздың ғасырлар кө­шімен бірге жасасып келе жатқан алтын өзегі домбыраның қадір-қасиеті халқымыз үшін қашан да ерекше. Міне, осы ұлттық музыка аспабының Ұлттық домбыра күні болып мәртебе иеленуі, мереке есе­бінде Елбасы Жарлығымен жа­рия­лануы, мемлекет табынан қолдау табуы барша халықты қуантты.

Әр халықтың жаһандану үдері­сінен қорғанатын коды, ол – ұлттық мәдениеті, салт-дәстүрі.

Кешегі кеңестік дәуірдің идео­логиясында ескінің көзі, зар-мұңның сөзі саналған қобызымыз қолымыздан ажырап қалды. Бірақ, мыңжылдық мұрамызды шы­на­шақтай шанағына сый­ғызған домбыра өмір сүруін жал­ғастырып келді. Тоныкөк заманынан бергі сынатасқа жазылған шежірелерімізді бүгінгі күнге жет­кізген домбыра құдіреті екені ақи­қат. Қос ішектен төгілген күй үнінде қазақ деген халықтың шын мәніндегі жан-дүниесі жарқырап тұр.

Домбыра күнінің белгіленуі – біздің халқымыздың рухын көтеретін игі бастама, ұлы іс. Мұның дәстүрге еніп, ел ішінде ерекше мерекеге айналатынына бек сенімдіміз.

 

Алмас АЛМАТОВ,

ҚР Мәдениет қайраткері,

Қазақ Ұлттық

өнер университетінің

профессоры.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<