Аудан тұрғындары су жинауға арналған мұнараны ұрлаған

682

0

Қызылорда облысы полиция департаментінің Сырдария аудандық полиция бөліміне 16 наурыз күні 27 жастағы аудан тұрғыны арызданған.

Наурыз айында Ілиясов ауылындағы мекемеге  тиесілі биіктігі 18 метр су жинауға арналған мұнарасын ұрлап кеткенін көрсеткен.


Аудандық полицейлердің жедел-тергеу жұмыстарын арқасында екі күдікті анықталып, ұсталды. Олар ауылдың 34 жастағы және 28 жастағы тұрғындары екені белгілі болды. Күдіктілер жасаған іс-әрекеттерін толық мойындады. Айғақ зат алынды.   


Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 188 бабының 2 бөлігіне сәйкес (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.


Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<