Азаматтық белсенділік әркез маңызды

1258

0

VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында Президент азаматтық белсенділікті арттыру жолында қолға алынған маңызды қадамдар туралы атап өтті.

Нақты айтқанда, жыл басында Мемлекет басшысы кейбір заңнамалық актілерге қоғамдық кеңестер қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды. Бұл қоғамдық кеңес өкілеттігін едәуір күшейтуге мүмкіндік берді. Өйткені ол – әлеуметтік-экономикалық маңызды мәселелер бойынша пікір білдіретін дербес, байқаушы орган екені белгілі. Сонымен қатар билік пен халықты байланыстырушы құрылым.

Облыстық қоғамдық кеңес мүшелері халықтың атқарушы органдарға өтініші мен талабын жеткізуде өз міндетін жоғары деңгейде атқарып келеді. Түйткілді мәселелердің оң шешім табуына үлкен үлес қосты. Кейбір мәселелер бойынша кеңес мүшелері елмен жүздесіп, олардың мұң-мұқтажын тыңдауға назар аударып отыр. Сол тақырыптарды атқарушы органдарға жеткізіп, олардың оңтайлы шешілуіне көңіл бөледі.

Айта кетейік, қоғамдық кеңестер бүгінде Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың маңызды құралына айналып отыр.

Бақытжан САЙЛЫБАЕВ,

облыстық қоғамдық кеңес төрағасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<