«ҚАЗГЕРМҰНАЙ» БК» ЖШС: ширек ғасыр белесі

479

0

«ҚазГерМұнай» БК» ЖШС-ның құрылғанының 25-жылдығына орай 7-8 қыркүйек күндері «Евразия» СК және «Сейхун» ССК спорт залдарында қаладағы мұнай және сервистік компаниялар арасында шағын футбол бойынша турнир өтті. Турнирде барлығы 17 команда өзара бақ сынасты.

Спорттық жарыстың  ашылу салтанатында «Қазгермұнай» БК» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Тянь Кэцзянь мырза сайысқа қатысушыларға ақжол тіледі. «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ, «Торғай Петролеум» АҚ, «СНПС Айдан Мұнай» АҚ, «Қуатамлонмұнай» БК» ЖШС, «ҚОР» мұнай компаниясы» ЖШС, «Көлжан» ЖШС, «KazPetrol Group» ЖШС, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ҚӨФ, «Бастау-S» ЖШС, «ҚұмкөлТрансСервис» ЖШС, «Байкен-U» ЖШС, «Қызылқұм» ЖШС, «Best-Service LTD» фирмасы» және «Кұмкөл-ЭКО» ЖШС, «Абай Дәулет» ЖШС, «Абзал және К» ТС, облыс әкімдігі құрамасы қатысқан турнир айналма жүйесі бойынша өткізілді.  Турнир финалында «ҚазгерМұнай» БК» ЖШС және «Абзал және К» ТС командалары кездесті. Іріктеу матчтарында 7:3 есебімен «Абзал және К» компаниясы жеңсе, ақтық жарыста жеңіс турнир иелері «Қазгермұнай» БК» ЖШС-на бұйырды.

Үшінші орынды «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ  командасы алса, төртінші орын «KazPetrol Group» ЖШС ойыншыларына бұйырды. Барлық командалар ақшалай сыйлықпен ынталандырылды.

Үстіміздегі жылы Сыр елі экономикасына өз үлесін қосып келе жатқан «ҚазГерМұнай» компаниясының құрылғанына 25 жыл толып отыр. Ширек ғасырлық белесті мұнайшылар өздерінің кәсіптік мерекесінде айрықша атап өтті. «Ақшабұлақ» кен орнында бастау алған шара Қызылорда қаласындағы бас ғимаратта жалғасын тапты. «Қазгермұнай» БК» ЖШС бас директоры Есен Қайржан: «Өңірімізде мұнай саласын дамытып, жер қойнауы байлығының ел игілігіне жұмсалуына үлес қосқан Сіздердің еңбектеріңізді әр уақытта жоғары бағалаймыз. Осы тарихи жылдар ішінде мұнайшылар қыруар жұмыстар атқарды. Алайда, алда тұрған міндеттер одан да зор. Салаға тың технологиялар әкеліп, жаңа кен орындары игерілуде. Мұнайды сыртқа шығару жолдарын кеңейту міндеті де біз үшін ерекше өзекті. Біз, мұнай шабытты да ширақ қимыл арқылы жаңа талаптарға сай өнім өндіріп, сапалы қызмет етуге қол жеткіздік. Береке мен бірлік, зеректік пен білім  арқасында бейнет еткен қызметкерлердің үміті ақталды. Еліміздің мұнай-газ саласында еңбек ететін азаматтар алда тұрған міндеттерді абыроймен атқарып, индустриялық-инновациялық дамуымызға үлес қосатынына сенімім мол. Сіздерге келешекте Қазақстанның өсіп-өркендеп дамуына қосқан үлестеріңізге және кен игеру саласындағы абыройлы істеріңіздің ырысы мен берекесін көрулеріңізге тілектестік білдіремін. Отбасыларыңызға береке мен бірлік, амандық пен тыныштық тілеймін» – деп өз тілегін білдірді. Бас директордың бірінші орынбасары Тянь Кэцзянь мырза да серіктестік қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтады. «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС құрылғанына 25 жыл толуымен ұштастырылған компания қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімі болып өтті. Мұнай-газ саласының қызметкерлері Мұнай және газ министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Kazenergy» ассоциациясы, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ, Қызылорда облыстық әкімшілігі марапатын иеленді. Бірқатар азаматтарға төсбелгілер, алғыс хаттар табыс етілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<