Балабақша ақысы қай өңірде қымбат екені анықталды

388

0

  Шымкентте балабақшаларға айлық төлеу бағасы айтарлықтай өскен, – деп хабарлайды Ranking.kz. 
Зерттеулерге сәйкес, Шымкентте балабақша қызметтерінің өсімі бір жылда 19,2 пайыз болған. Сондай-ақ, қызмет көрсету ақысы Оңтүстік Қазақстан облысында (20,4%), Алматыда (10,1%) және Жамбыл облысында (8,1%) өскені тіркелді. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша, мектепке дейінгі білім беру және білім беру саласындағы қызмет ақысы 71,9 миллиард болған, яғни өткен жылмен салыстырғанда 12,5 пайызға немесе 8 миллиард теңгеге өскен.

 

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<