Бибінұр Қуаныш – «Өркен» гранты иегері атанды (видео)

826

0

Қызылорда облысына қарасты Арал ауданындағы Жарасхан Әбдірашев атындағы №62 тірек мектебі 6-сынып оқушысы Бибінұр Қуанышты мақтан тұтады.

Бибінұр Қуаныш Қызылордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқу грантына ие болды. Бұл Бибінұр мен оның ата-анасы үшін үлкен мүмкіндік және туған мектебі үшін сүйінші хабар болды.

NIS-тің 17 тірек мектебі ішінен конкурстық іріктеуге 122 талапкер қатысса, оның 10-ы шекті ұпайды жинады. Бибінұр «Өркен» грантының иегері атанып, 9 үміткер резервтік тізімге енді:

– Бағымды сынау үшін NIS-ке түсуге құжат тапсырдым. 1027 баллмен «Өркен» грантының иегері атанғанымды көріп, қатты қуандым. Бұл қуанышты хабарды бірден ұстазым Сәуле Құрманайқызы мен сыныптастарыма жеткіздім. Менің жетістіктерім – бұл мектебімнің жетістіктері.

Емтиханға дайындықты 5-сыныпта бастаған Бибінұр ата-анасы мен мұғалімдерінің ерекше қолдауын сезіпті:

– Бүгінгі мақсатым – жақсы оқу. Біздің мектеп биылғы оқу жылында түбегейлі өзгерді, себебі NIS жаңа технологиялар мен қызықты жобаларды енгізді. Біз өзгердік, мұғалімдеріміз де өзгерді. Бойымызда оқуға деген үлкен мотивация пайда болды. Енді өз жобаларымызды жасай аламыз, оларды күнделікті өмірде жүзеге асырамыз. Бұл керемет емес пе?! Болашақта дәрігер болып, еліміздің дамуына үлес қосқым келеді, – дейді Бибінұр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<