Білім берудің өзекті мәселелері талқыланды

578

0

Кеше облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбеттің төрағалығымен қала, аудандық білім бөлімдерінің басшылары және облыстық мекеме басшыларымен кеңейтілген мәжіліс өтті.

Күн тәртібінде жаңа оқу жылына дайындық барысы, «Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру, өз-өзіне қол жұмсау мен зорлық-зомбылықтың алдын алу, балалардың қауіпсіздігі және қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары қаралды. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу, бюджеттік жоспарлау жұмыстары мен күрделі жөндеу, құрылыс жұмыстарының жүргізілу барысы туралы жайы талданды.

Жиында Мейрамбек Зинабдинұлы білім беру саласындағы индикаторлық көрсеткіштер мен жаңа оқу жылына дайындығын саралап, күн тәртібінде талқыға түскен мәселелерді жеке-жеке талдады. Отырыста облыстық білім басқармасының бөлім басшылары Нұрлан Дәулеталиев, Шолпан Жүнісова, Берік Мамбетов, Нұрлан Аймаханов пен Ернат Алпысбаев өз салалары бойынша атқарылған жұмыстар шеңберінде баяндама жасап, алдағы міндеттерге қатысты есеп берді.

Басқарма басшысы білім беру ұйымдарының сыртқы және ішкі тазалығын, балаларды оқулықтармен қамтамасыз ету, мамандарды жұмысқа қабылдауда сыбайлас-жемқорлыққа жол бермеу, білім беру ұйымдары басшыларының ротациясы мен аттестациясын заңдылыққа сәйкес жүргізуді және жылу маусымына дайындық пен «Мектепке жол» акциясын тиянақты әрі уақытылы орындауды тапсырды. Сондай-ақ, өз-өзіне қол жұмсау мен зорлық-зомбылық, мемлекеттік сатып алу жұмыстары бойынша орын алған кемшіліктерге орай білім бөлімі басшыларына қателіктерге жол бермей, тапсырмалар уақытында орындалу керектігін еске салды.

Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі