Эшкере: Мағынасыз әндер мен клиптер эфирден алынып тасталуы мүмкін

383

0

Есер ән, ессіз клиптер енді эфирге шықпауы мүмкін. Мәдениет және спорт министрлігі әншілердің киімінен бастап, әннің мәтініне дейін сүзгіден өткізетін ережені заңға кіргізбек. Қазір министрлікте құрылған комиссия осы жобамен айналысып жатыр деп хабарлайды «КТК» арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Әншілер сахнада ән айту үшін арнайы лицензия алуға да міндеттелмек. «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Жеңіс Сейдоллаұлы бұл заңның 2019 жылы күшіне енетінін мәлім етті.
«Концерттің қандай форматта өтетінін, концерт қандай дизайнда өтетінін, киіміне шейін соның бәрін қарастыратын заңды 2019 жылы аяғына қоймақшымыз. Осы бір жылдың ішінде бағынып кетеді деген ой жоқ. Олармен отырып, жеке-жеке сөйлесу керек. Кімді шығару керек, кімді шығармау керек», – деді Жеңіс Сейдоллаұлы.
Ал Асхат Тарғын бұл заң күшіне енсе, сахнаның тазарып қалатынына сенімді.
«Заң күшіне енетін болса, біраз реттеліп, біраз тазартылып қалады. Қалай болғанда да біз үкіметтің заңына бағынамыз. Екінші жағынан сарапшы – халық. Халық керегін тыңдайды. Керегін алады», – дейді Асхат Тарғын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<