Ишанқұловтар отбасына дауыс берейік!

467

0

Құрметті жерлестер!

Облыстық «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы Ишанқұловтар отбасы енді республика көлемінде бағын сынамақ. Отағасы – Ерғали Ишанқұл 81 жастағы зейнеткер. Тыл ардагері мал шаруашылығы саласында 36 жыл  еңбек еткен. Отанасы – Бахира Камардинқызы 80 жастағы зейнеткер. «Алтын алқа», «Күміс алқа»  иегері.

Ерлі-зайыптылар 62 жылдан бері тату, үлгілі өмір сүріп келеді. 14  баланы өмірге әкелген ата-ананың 52 немересі, 25 шөбересі және бүгінде  1 шөпшегі бар.

Ишанқұловтар әулетінің балалары атакәсіпті жал­ғастырып,  мал шаруашылығымен айналысып келеді.

Отбасының ұстанымы: «Үлгілі отбасы – қоғам негізі».

Отбасы жайында толық ақпаратты https://kaztube.kz/video/298811 сайтына сілтеме жасау арқылы көре аласыздар. Республика бойынша 16 үміткер отбасы арасынан үздіктер анықталмақ. Ең үздік отбасы Сыр елінен шықсын десек, https://kaztube.kz/mereyli_otbasy_2018/vote сайтына кіріп, Ишанқұловтар отбасына дауыс берейік. Дауыс беру үстіміздегі жылдың 30 тамызы мен 6 қыркүйек аралығында өтеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<