МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ЖОҒАРЫ МӘДЕНИЕТІН ҰСТАНУЫ ТИІС

271

0

Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев жариялаған бес институттық реформасының негізінде қабылданған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының алғашқы 15 қадамы кәсіби мемлекеттік аппаратты құруға бағытталған.

Кәсіби мемлекеттік аппарат үшін білікті де білімді, адал қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілер қатар олардың моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қоятын Жаңа этикалық ережелерді қабылдауды қажет етті.

Осы орайда, Ұлт жоспарының 12 қадамына сәйкесМемлекет Басшысының 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығымен мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары белгіленген Әдеп кодексі қабылданды.

Бұл Кодекс халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға,мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.

Биыл Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен мемлекеттік қызметшілердің күнделікті жұмысында қолдануға қолайлы Әдеп кодексінің қойын кітапшасы Pocketbook (Покетбук) әзірленіп, енгізілді.

Бұл мемлекеттік қызметшілер үшін әдеп тұрғысындағы мәселелер туындағанда басшылыққа алынатын әдістемелік құрал болып табылады. Онда мемлекеттік қызметшілердің қызметтік қарым-қатынаста, азаматтармен қатынаста, жұмыстан тыс уақытта қандай мінез-құлық танытуы қажеттігі, сондай-ақ, әлеуметтік желіні пайдалану, БАҚ-тар сөз сөйлеу, мүдделер қайшылығы кезінде өзін қалай дұрыс ұстау керектігі туралы мәселелер қамтылған.

Покетбукты әзірлеу кезінде Батыс Европа елдерінің, АҚШ, Австралия, Грузия мемлекеттерінің тәжірибелері ескеріліп, онда мемлекеттік қызметшінің өзінің қызмет атқару кезінде туындауы мүмкін жағдайларға талдау жасалынып, әрбір жағдай  бойынша дұрыс шешім қабылдауға қажетті нақты мысалдар келтірілген.

Агенттік пен оның аумақтық департаменттері мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақталуына қадалайтын және Әдеп кодексі бұзушылықтарының профилактикасын жүзеге асырады.

Осы мақсатта 2018 жылдың 6 айында Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаментімен облыс әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілмен бірлесе облыстық, аудандық және ауылдық әкімдіктердің қызметшілерімен түрлі форматтағы106 іс-шара өткізіліп, покетбукте көзделген мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен мінез-құлық нормаларын кеңінен түсіндірілді,1240 покетбук таратылды.

Жалпы бұл шаралар мемлекеттік қызметшілер тарапынан әдеп кодексін бұзу фактілерінің азаюына септігін тигізді. Мәселен, 2018 жылдың 6 айында облыс бойынша 12 мемлекеттік қызметші Әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жаза қолданылса, 2017 жылдың осы кезеңінде 15 қызметші тәртіптік жазаға тартылған болатын. Яғни, өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзу фактілері 20 пайызға төмендеген.

Дегенмен, басшы лауазымды атқаратын мемлекеттік қызметшілердің қарамағындағы қызметкерлермен, азаматтармен қарым-қатынастарда әдеп нормаларын бұзу фактілері әлі де орын алуда.

Мәселен, ағымдағы жылдың маусым айында аудандық мәслихат депутаты А.С. шағымына сәйкес Департаментпен жүргізілген тексеру нәтижесімен Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Г.Исмайлованың жиналыс барысында аз. А.С. қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытпай, жиналысқа шақырмағандығын айтып, залдан шығып кетуін сұрап Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын бұзғандығы анықталды.

Г.Исмайлованың тәртіптік ісі Қызылорда облындағы Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында қаралып, Кеңес шешімі негізінде берілген ұсынысқа сәйкес оған «қатаң сөгіс» тәртіптік жазасы қолданылды.

Бұдан бөлек, аз. Э.И. шағымына сәйкес Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында Департаментпен жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Тексеру нәтижесімен Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына бөлім басшысы Б.Ахмедовтың сол басқарманың статисті аз. Э.И. ар-намысына тиетін сөздер айтып, дөрекілік танытқаны анықталды. Департаментпен бөлім басшысының тәртіптік мәселесін қарау туралы берілген ұсынысқа сәйкес аталған лауазым иесі «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жазаға тартылды.

Ағымдағы жылы Агенттік Төрағасымен «Мемлекеттік қызметте әдептілік деңгейін арттыру жөніндегі» Кешенді жоспар бекітіліп, жоспарға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғауға үлкен мән берілген. Кешенді жоспарға сәйкес, Департаментпен мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан тыс уақытта қалмауына,  уақытылы біліктілігін арттыру курстарына жіберуіне, үстеме ақы, материалдық жәрдемақы және сыйақы беру, еңбек демалысына шығару кезінде құқықтары сақталуына, іс-сапар шығындары мен кепілдері сақталуына және олардың тегін медициналық қызмет алу, спорт кешендеріне бару, үй-жаймен, жер учаскесімен қамтамасыз етілуіне әлеуметтік сауалнамалар алынып, талдаулар жүргізілді.

Нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан тыс уақытта қалып жұмыс жасауы бойынша 22 факті, еңбек демалысына уақытылы шығармауы бойынша 131 факті, іс-сапар шығындарының төленбеуі 14 факті, біліктілігін арттыру курстарына уақытылы жібермеуі 3 факті анықталды.

Қорытындысы Әдеп жөніндегі кеңестің отырыстарында қаралып, тиісті ұсынымдар енгізілді. Нәтижесінде 170 мемлекеттік қызметшінің құқығы қалпына келтірілді.

Берікбол Ұзақұлы Байхожаев,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

агенттігінің Қызылорда облысы бойынша

департаменті басшысының орынбасары,

Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<