\»Мен сіздерді жақсы көремін\». Арыс апатында видео түсірген сарбаз оқиға жайлы айтып берді

344

0

Арыста жойқын апат болған кезде оқиға орнынан видео түсірген сарбаз төтенше жағдай кезінде ата-анасына арнап қалай соңғы видеосын жазғанын әңгімелеп берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматылық 27 жастағы Исатай Әлібаев үйленген, төрт ай бұрын әке атанған – қызды болған. Әскерге ол 2011 жылы шақыртылып, содан бері лейтенант шеніне дейін қызмет еткен.
Оның айтуынша, оқиға болып жатқан кезде жағдайды бағамдау қиын болған. Ер адам бомбалау басталып кетті ме деп ойлаған.
«Мұның бәрі сағат шамамен 9.15-9.20 аралығында болды. Снаряд ұшып жатты, жарылып жатты, жарылыс толқыны болды. Бізді бомбалап жатқандай әсер болды. Қорғаныс пунктінде жасырынасың, ол қирап, одан да қайыр жоқ. Бәрі сілкініп, қирап жатыр. Әрең құтылдық, екі-үш метр жерден сынықтар ұшып жатты», – дейді Исатай. Лейтенант Әлібаев бірнеше метр жерде снаряд түсіп, жарылып жатқанда өлемін деп ойлаған.
Соңғы әрі жалғыз тілегі ата-анасын жақсы көретінін айтып, өсиет қалдыру болыпты. Осылайша Исатай Қазнетке тараған видеоны түсірген. 

​​​

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<