«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысушы отбасылар іріктелді

884

0

Аудан әкімінің орынбасары А.Есмахановтың төрағалығымен «Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының аудандық іріктеу кезеңі өтті.

Өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы жыл сайын ұйымдастырылып отырады. Бұған дейін Шиелі ауданының «Қиянбековтер»,» «Ишанқұловтар» отбасы Мерейлі отбасы Ұлттық конкурсының жеңімпаздары атанып, Республикада ауданымыздың абыройын асқақтатқан болатын.

Ал, биыл аталған байқауға 10 отбасы өтінім беріп, былтырғы отбасыларды қоса алғанда 22 отбасы комиссия отырысында қаралды. Оның қорытындысы бойынша ауданымыздан 2 отбасы байқаудың екінші кезеңіне қатысуға мүмкіндік алды. Олар Өтегеновтер және Әбілдашевтер отбасылары.

Аудан намысын облыста қорғайтын отбасыларға сәттілік тілейміз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<