Нәтиже мен табыс

1241

0

Үкіметтік емес ұйымдар жаһандық даму көшінде қоғамның әртүрлі әлеуметтік топтары үшін белсенді әрі нәтижелі жобаларды ұйымдастырып келеді.

Бүгінде «Ақ босаға» әйелдер қоғамдық бірлестігі аймақта бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асырды.

Бірлестік 2006 жылы құрылып, 19 жылдан бері қоғамдағы әйелдердің және отбасының рөлі, олардың азаматтық бастамашылығын арттыру және жастар мен балалардың жеке тұлғалық дамуы және салауатты өмір салтын қалыптастыру, отбасында ұлттық тәрбиені дамыту бағытында жұмыстар атқарады.

Өткен жылы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы негізінде «Азаматтар бастамасын қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясында «Инклюзивтік қоғам дамыту» әлеуметтік жобасына 6 адам тартылып, тұрақты жұмыспен қамтылды.

Жобаның мақсаты – 16-20 жастағы еңбекке қабілетті, мүмкіндігі шектеулі жастардың шығармашылық білімі мен дағдысын дамыта отырып, белсенді жастардың қауымдастығына тарту, болашақ жұмыс көзі ретінде кәсіби креативті өнерге үйрету.

Нәтижесінде 30 мүмкіндігі шектеулі жас тегін курстан өту мүмкіндігіне ие болып, барлығына сертификаттар табысталды. Курсты аймақтағы білікті, өз ісінің үздік тренерлері жүргізді.

Үш көрме ұйымдастырылып,
10 қатысушы жұмысқа орналасты. 5 қатысушының табыс тарихы жасалып, әлеуметтік желілер арқылы насихатталды. Олардың өздеріне деген сенімділігі пайда болды.

Жоба аясында 500-ден аса респондент аймақта инклюзивті қоғам дамыту бағытындағы шаралардың тиімділігін арттыру, мүмкіндігі шектеулі жастардың жұмыспен қамтылуына қатысты сараптама жасауға негізделген сауалнамаға қатысып, нәтижесімен салалық мемлекеттік органдарға ұсыныстар жолданды.
Жаңа білім дағдысын жетілдірген мүмкіндігі шектеулі жастарды жұмысқа орналастыру бойынша кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізіліп, мүгедектігі бар жастарға қосымша білім беру, түрлі семинар-тренингтер жүргізуге ынталы тренерлер базасы жасақталды.

Тренерлер алдағы уақытта осы бағытта ерікті ретінде қызмет көрсетуге әзір.

Әлеуметтік жобаның «Қызылорда өңірінде еңбекке қабілетті мүмкіндігі шектеулі жастарды креативті өнерге тарту» тақырыбында қорытынды іс-шарасы ұйымдастырылып, «Жасанды интеллект (манкинг), фигма, канва, цифрлық контент», «Графикалық вебдизайн (ноу код)», «Этноөнер» курстарының табыс тарихы көрсетіліп, көрмеге қолөнер бұйымдары қойылды.

Шараға қатысқан кәсіпкерлер көрмеден алған әсерлерімен бөлісіп, тігін цехтарына және графикалық дизайн бойынша кәсіп жүргізуге жұмыспен қамту бойынша жастармен келіссөздер жүргізді.

Жоба қорытындысымен әлеуметтік-еңбек интеграциясы бар еңбекке қабілетті жастарды жұмыспен қамту, осы бағыттағы жұмысты жетілдіруге қатысты талдау жасалып, сарапшылар ұсыныстары мен сауалнама бойынша талдамалық анықтамалар мемлекеттік органдарға жолданды.

Әлеуметтік жоба әйелдер мен балалардың, мүгедектігі бар адамдардың жан-жақты дамуына мүмкіндіктер сыйлауда.

Зейнар ТӘЖИЕВА,

қоғамдық бірлестіктің төрайымы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<