Өндірісте жарақат алған адамға жұмыс беруші қандай өтемақы төлеуге міндетті

306

0

ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов өндірісте жарақат алған адамға жұмыс беруші қандай өтемақы төлеуге міндетті екенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасының заңы бойынша, әр жұмыс беруші қол астындағы жұмысшылардың бәрін міндетті түрде қайғылы жағдайлардан сақтандыру керек. Бірақ кейбір мекемелер өз жұмысшыларына міндетті сақтандыру жасамайды», – деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде. Оның сөзінше, жұмысшыларын өндірістік жарақаттардан сақтандыру жұмыс берушілердің өздері үшін тиімді.

«Жұмысшыларын өндірістік жарақаттардан сақтандырмаған мекемелердің басшылары Азаматтық кодекстің 938-бабы бойынша еңбек орнында зардап шеккен жұмысшының денсаулығы мен әлеуметтік жағдайына қарай оның емделу шығындары мен әлеуметтік міндеттемелерін мойнына алады. Қандай дәрі-дәрмек керек, оның асырауында адамдар болды ма, осының бәріна керекті қаражатты жұмыс беруші өзі төлейді. Ал жұмыс беруші жұмысшыларды сақтандырған болса, міндеттемелердің бәрі сақтандыру компанияларына жүктеледі», –

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз