Өнеге мен парасат үлгісі

6

0

Биыл біздің мектептен түлеп ұшқанымызға да 40 жыл өтіпті. Арамыздан бесеуіміз ұстаздық жолды таңдаған екенбіз. Балғын жүрегіміздің бұл таңдауына ықпал еткен бір ғажап адам бар. Ол – сынып жетекшіміз, жанашыр апайымыз, қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі, жаны жайсаң, бала жанды асыл адам.

Уақыт зымырап өтсе де, жүректе сақталған сол ұстаз бейнесі баяғы қал­пында. Біз әрдайым оқушы кезімізді сөз еткенде, мақ­та­нышпен, сүйсіне, са­ғы­ныш­пен бірінші ес­ке ала­тын мұ­ғалі­міміз – Ұл­тай апай!

Ол кезде отыздың асуы­на енді ғана жеткен, жастық жігері мен білімге деген құш­тарлығы бойынан көрініп тұрған жас маман еді. Алғаш­қы күннен-ақ жаны­на жақын тарта сөйлеп, бірден бәрімізді баурап алды. Сынып­тағы бар­лық қыз оған еліктейтін. Киім киісі, жүріс-тұрысы – бәрі-бә­рі ерекше, нағыз ұстазға тән па­расат пен сымбаттың үлгі­сіндей көрінетін. Біз үшін апай тек мұғалім емес, өнеге мек­­тебі еді.

Ұлтай апай мұғалімге тән қатал болғанымен, өте әділ, ақынжанды еді. Сабақ тү­сін­діргенде, әр сөзі жанды бей­неге айналып, өзімізді сол шы­­ғарманың ішінде жүр­ген­­дей, бәрімізді ұйытып алып кететін. Мұғалімнің айтқа­ны – біз үшін заң. Әр тап­сыр­ма­ны мүлтіксіз орындауға ты­рысатынбыз.

Тәрбие сағаттарын да ерекше әсерлі, мазмұнды етіп өткізетін. Түрлі маман иеле­рін шақырып, олардың өмір жолы мен жетістіктерін та­ныс­­тырып, бізге бағыт-бағдар беретін.

Мен де сабаққа белсенді қа­тысып, жақсы оқыдым. Та­ғы бір ерекше қасиеті – ең­бек­қорлық, табандылық, адам­гер­шілік, адалдық пен биік пара­саттылық. Біз оны оқушы ретінде шын жүректен жақсы көрдік, әрдайым құрмет тұт­тық.

Жоғары оқу орнына түс­кен­нен кейін де, ауылға бар­ған сайын сәлем беруді өзімізге парыз санадық. Себебі жа­ны ізгілікке тұнған Ұлтай апа­йымыз – туған анамыздай жа­нымызға жақын, жанашыр, сырлас дос, ақылшымыз. Әлі күнге дейін алдында өзімізді сол баяғы оқушыдай сезінеміз. Себебі Ұлтай апайымыз – бал­ғын балалық шағымызда әрқайсымыздың жүрегімізге жол тауып, ұстазға тән ме­йі­ріммен қамқор болып, өмірлік мақсатқа жетуде шабыт сый­лай білген көреген ұстаз.

Қандай жетістікке жетсем де, сол табыстарымның төрін­де ұстазымның еңбегі жата­тынына бек сенімдімін.

Ғани БЕЙСЕМБАЕВ,

ғалым, ұстаз, шәкірті