Пробация есебіндегі жастармен кездесу өтті

407

0

Қармақшы аудандық «Жастар ресурстық орталығында» діни сауаттылық, құқықтық және кәсіптік бағдар беру мақсатында арнайы кездесу ұйымдастырылды.


Оған Қызылорда облыстық діністері басқармасының дін мәселерін зерттеу орталығының Қармақшы аудандық бөлімшесінің теолог маманы Ж.Сқақов, Қармақшы аудандық пробация қызметінің аға инспекторы, әділет майоры Ж.Жүнісов қатысты. Сондай-ақ, аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы З.Жұмалиева, «NurOtan» партиясы Қармақшы аудандық филиалының консультанты Ә.Мереков және «JasOtan» жастар қанаты Қармақшы аудандықфилиалының төрағасы Н.Бекматов діни сауаттылық, құқықтық және кәсіптік бағдар беру мақсатында кеңес берді.


Өз тараптарынан жастар өкілдері толғандырып жүрген сұрағын қойып тұщымды жауап алды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<