Қазақ хандығы – Тәуелсіздік бастауы

303

0

Фото: автордан

Қызылорда қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Ақмешіт шағын ауданындағы №16 кітапхана мен А.Байтұрсынов атындағы №211 орта мектеп бірлесіп «Қазақ хандығы – Тәуелсіздік бастауы» атты тарихи-танымдық кеш өткізді. Қазақ хандығының 560 жылдығына орай ұйымдастырылған шараға аталған мектептің ұстаздары мен оқушылары қатысты.

Биыл қазақ халқының тұңғыш ұлттық мемлекеті – Қазақ хандығының құрылғанына 560 жыл.

Бұл тарихи белестің өскелең ұрпақ жадына жаңа қазақстандық патриотизмді сіңіруде айрықша рөлге ие.

Қазақ хандығының туы көтеріліп, қалыптасып, дәуірлеуі жолында қаншама хандар мен сұлтандар, батырлар мен би-шешендер шейіт болды.

Олардың рухына тағзым ету, ата-бабамыздың асыл аманатына адал болу, тарихымызды дәріптеу – бүгінгі ұрпақтың парызы.
Кеш Қазақ хандығының құрылуы жайлы бейнеролик көрсетілімімен басталды.

Шараны ашқан А.Байтұрсынов атындағы №211 мектеп директоры Айжан Шорабекқызы жас ұрпаққа төл тарихымызды танудың маңыздылығын атап өтті.

Ал тарих пәнінің мұғалімі Ж.Байғараева Қазақ хандығының құрылуы, күшеюі, ел билеген хандар жайлы тарқатып айтты.

Қазақ хандарының шеруі өтіп, оқушылар хандардың тарихымызда қалдырған қызметі мен жүргізген саясаты туралы шолу жасап, әдеби-монтаж оқылды. Сонымен қатар «Тарихыңды таны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Кітапханашы Шынар Жақсылыққызы библиографиялық шолу жасады. Шара соңында жас оқырмандар «Арайлы Қазақстан» әнін (хор) орындады.

Шынаркүл КҮЛМАҒАНБЕТОВА,
№16 кітапханының кітапханашысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<