Қазақстанда 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасы әзірленді

823

0

2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасының жобасы әзірленді. Бұл туралы халыққа онлайн режимде есеп беру кездесуінде Әділет министрі Марат Бекетаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нормашығармашылықты жетілдіру бойынша шаралар қабылданды. Тиісті Заңға биылғы 12 наурызда қол қойылды. Заң шығару процесіне жаңа кезеңдерді енгізу, заң жобаларының сапасын қамтамасыз ету және заң шығару процесіне жұртшылықты кеңінен тарту көзделеді», – деді М. Бекетаев.

Оның айтуынша, ұлттық заңнаманың негізгі салаларын жетілдіру аясында министрлік мемлекеттік органдар және отандық ғалымдармен бірлесіп 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасының жобасы әзірледі.

Тұжырымдама – Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаты. Ол ұлттық құқықты, құқық қорғау және сот жүйесін, сыртқы саяси және сыртқы экономикалық қызметті, сондай-ақ құқықтық білім мен құқықтық насихатты дамытудың басым бағыттарын айқындайды. Құқықтық жүйені жетілдіру жөніндегі осы шаралар Қазақстанның одан әрі орнықты дамуының қажетті құқықтық алғышарттарын қалайды деп пайымдаймыз», – деді министр.



 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<