Қазақстанда қызылшаға қатысты жағдай әлі де тұрақсыз

1161

0

Сурет: Zakon.kz

Қазақстанда қызылшаға қатысты жағдай әлі де тұрақсыз. Соңғы тәулікте республика бойынша 230 баладан инфекция анықталған. Бүгінге дейін республика бойынша 19 мыңға жуық жағдай тіркелген. Оның 82 пайызы – 14 жасқа толмағандар.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты. Оның сөзінше, вирус қазір еліміздің 4 өңірінде өршіп тұр. Олар екі мегаполис – Шымкент пен Алматы. Жамбыл және Алматы облыстары. Бас дәрігер вирустан құтылудың жалғыз жолы – екпе алу дейді.

Тұрақсыз эпид ахуал әсіресе, Алматыда байқалады. Қазір ауруханада 110 ересек адам мен 220 бала жатыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Барлығының жағдайы орташа дейді, дәрігелер. Инфекция жұқтырғандардың 95 пайызы әдеттегідей екпе алмағандар. Осы айда 5 мың балаға вакцина салынса, оның 3 мыңнан аса дозасы 6 айлық сәбилерге егілген.

«Мысалы, жоспарлы түрде бір жастан алынатын болса енді, бір жасқа дейінгі балалар да ауырып жатыр ғой сол үшін балалар ауырмауы үшін жаңа туған нәрсетелерді 6 айдан бастап егіп жатырмыз. Қызылшаға қарсы вакцина алған кезде жүріп-тұруы немесе мүмкіндігі шектеулі балалар немесе аутизммен ауыратын балалар деп бөлмейміз», – дейді ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы Жасұлан Алпысбаев.

Шымкент қаласындағы 49 мектеп пен 79 балабақша қызылша ауруының ошағы саналып отыр. Мамандар бұл мекемелерде сырқаттың жылдам таралуын анықтаған. Мұнан бөлек 20 студент жұқпалы дертке шылдыққан. Осыған байланысты тұрғындар арасында профилактикалық, түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізілуде. Соның нәтижесінде ауруға қарсы вакцина алуы тиіс болған 118 мың адамның бүгінгі таңға 21 пайызына екпе салынды. Ал одан бас тартқандармен дәрігерлерден бөлек дін қызметкерлері де кездесіп, иммундаудың пайдасын ұғындыруда. Соңғы дерек бойынша, шаһарда 3 мыңнан аса адамнан ауру белгілері анықталған.

«Вакцинация басталғалы одан бас тартқандармен жұмыс істеп жатырмыз. Олардың саны 3366 Жұмыс нәтижесінде бас тартқандардың 34 пайызы бүгінгі күнде егілді», – деді қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Дүйсенбаева.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<