Қызылордада 90 жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылды

1308

0

Қызылордада қаңғыбастық пен кезбелікке салынған 90 жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу – полиция қызметінің басым бағыттарының бірі.

Кәмелетке толмағандар мен жастарға қарсы және олармен жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрақты түрде “Жасөспірім”, “Балалар түнгі қалада”, “Ата-ана. Жасөспірім. Көше”, “Тұрмыс”, “Квадрат”, “Учаске” жедел профилактикалық іс-шаралары өткізілуде.

Іс-шаралар нәтижесімен қаңғыбастық пен кезбелікке салынған 90 жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылса, балаларын тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін тиісті деңгейде орындамаған 39 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, түнгі уақытта (сағат 23:00-ден кейін) заңды өкілісіз жүрген 1246 жасөспірімнің ата-аналарына қатысты әкімшілік шара қолданылды.

Polisia.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<