Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті

353

0

Қазіргі таңда сыбайлас  жемқорлық  әлемнің кез – келген мемлекетінің саяси дамуына,  нарықтық  әлеуметтік-экономикасының құрылуына кедергі келтіруде.
Елімізде сыбайлас жемқорлықпен қарсы іс-қимыл жұмыстары жылдан-жылға қатаңдалуда. Барлық заң органдарында аталған бағыт аясында түрлі ауқымды жұмыстар атқаруда.
Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті және оған бағынысты жергілікті әскери басқару органдарында әскери қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатанда Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 16 ақпандағы № 74 бұйрығына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнаманың орындалуын бақылау жөнінде арнайы комиссиялар құрылып, жұмыстар атқарылуда.  
Қызылорда облысының жергілікті әскери басқару органдарының басты бір міндеттеріне азаматтарды әскери бөлімдерге келісімшарт бойынша әскери қызметке жолдау, әскери міндеттілерді мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және әскери оқу орындарына үміткерлерді жолдау, сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер атқарады.
Халықтың әскери салаға қатысты сауалдарына  заң шеңберінде сауатты жауап беру мақсатында жергілікті әскери басқару органдарының әскери қызметшілер мен азаматтық қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Әдеп кодексінің талаптарына сәйкес, азаматтардың жергілікті әскери басқару органдарына өтініш жасау барысында өзін-өзі дұрыс ұстау үрдістері бойынша дәрістер өткізіліп тұрады.  
Сонымен қатар, айта кететін бір жайт бұл Қызылорда облысының жергілікті әскери басқару органдарымен көрсетілетін барлық мемлекеттік қызмет түрлері (ақылы әскери-техникалық мектепте оқудан басқа), атап айтқанда азаматтарды әскери бөлімдерге келісімшарт бойынша әскери қызметке жолдау, әскери міндеттілерді мерзімді әскери қызметке жолдау, облысытық, аудандық әскери медициналық комиссиялардан өту, әскери оқу орындарына үміткерлерді жолдау барлығы ақысыз негізде жүргізіледі.
Өңірімізде орналасқан қорғаныс бөлім, басқармалардың барлығында арнайы сенім телефондары мен азаматтардың арыз-шағымдарына арналған жәшіктері ілінген.  
Егерде, Сіздер жергілікті әскери  басқару органдарының әскери немесе азаматтық тұлғаларының тараптарынан қандайда бір сыбайлас жемқорлық сипатында құқық бұзушылықты байқаған жағдайда төменде көрсетілген  сенім телефондарына хабарласуларыңызға болады:
1.Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы генерал-майор Мүслім Қадылбекұлы Дайыров  жұмыс телефоны: 8(7172) 72-10-35;  ұялы телефоны 8-702-223-04-79;
2.Қызылорда гарнизоны әскери прокуроры әділет майоры Қасен Жүсіпұлы Рахматулин жұмыс телефоны:  8 (7242) 26-36-99, 8-775-155-71-85;
3.Қызылорда гарнизонын қамтамасыз ету бойынша әскери полиция бөлімшесінің бастығы әділет майоры Н. Сейдуалиев ұялы телефоны  
8-775-941-844;
4.Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Еркінбек Серғалиұлы Байболов жұмыс телефоны: 87242 24-63-75 ұялы телефоны 8-777-223-93-48;
Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызмет бастығы – заң консульты капитан Н.Ильясов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<