Тәуелсіздік – азаттығымның айғағы

505

0

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай мерекелік іс-шара өтті.
Концерттік бағдарлама ұлы даланың ұлы тұлғалары ұрпақтарына арнаған өсиет сөздерінен басталды. Театрландырылған қойылым арқылы оқушылар әр ғасырда өмір сүрген тұлғаларды берікті сөздерін және Қазақ халқының ел болудағы алғышарттарды келтіре отырып, жиналғандардың рухын көтерді.
Ұлттық рухты оятып, отаншыл сезімді қалыптастыруға бағытталған шара әрі қарай мектептің биші қыздарының орындауындағы «Туған жер» қазақ биімен жалғасып, мектептің жас әншілері «Туған ел», «Астана кеші», «Атамекен» атты әндерден шашу шашты.
Іс-шарада өз өнерін тарту еткен оқушылар Тәуелсіздіктің – олар үшін ең құнды қазына екенін көрсетуге тырысып бақты. Ал мектеп хореографтарының орындауында татар биі тәуелсіз елімізді мекендеген 130-дан астам ұлыстардың бірлігінен көрініс берді.  
Сондай-ақ, шара барысында мектептің халық аспаптар ансамблінің орындауында қазақ күйлері шырқалып, көрермендердің қошыметіне бөленді.
Елдік пен еркіндіктің бастауы болып табылатын бұл айтулы мерекені Қызылордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымы осылайша сән салтанатымен атап өтті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<