Құқықтық сауаттылық – заман талабы

687

0

Облыстық ішкі саясат басқармасының «Тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға байланысты ақпараттық насихаттық шаралар ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» Қауымдастығы «Small» сауда орталығында тегін құқықтық кеңес беру шарасын өткізді.
Шараға қалалық ішкі істер басқармасы Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция қызметкері Айдос Бекболат, «Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» Қызылорда филиалының консультанттары Ділдаш Нұрқасымова, Күләш Таженова «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» Қауымдастығының төрайымы Құрманкүл Ерімбетова және заңгер маман қатысты.
Тұрғындар тарапынан мемлекеттік бағдарламалар арқылы жеңілдетілген тәртіппен тұрғын үй алу, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында көп қабатты тұрғын үй аулаларына бейнекамералар орнату, жарықтандыру, медиация арқылы шешуге болатын істерге байланысты түрлі сауалдар келіп түсті. Кеңес беруге қатысқан әр маман өз саласы бойынша заң тұрғысынан егжей-тегжейлі жауаптар берді.
М.СНАДИНҚЫЗЫ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<