Жалағашта полицейдің арқасынан тепкен жігіт сотталды

325

0

Жалағашта полицейдің арқасынан тепкен жігіт сотталды Жалағаш аудандық сотында полиция қызметкеріне дөрекілік көрсетіп, оған жеңіл дене жарақатын салған азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қылмыстық кодекстің 380-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қоғамдық орында масаң күйде айқайлап, балағат сөз айтып тұрған Б. есімді азаматты полиция лейтенанты М. тәртіпке шақырған. Дегенмен, полиция қызметкерінің айтқанына көнбеген ол тәртіп сақшысының арқасынан тебеді. Полиция лейтенантының киімінің түймелерін үзіп, жеңіл дене жарақатын салған», – деп жазылған Жалағаш аудандық баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сотта ол кінәсін толық мойындап, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Сот үкімімен Б. ҚР Қылмыстық кодексі 380-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, осы мерзімге пробациялық бақылау орнатылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<