Жаңа кезеңнің сұранысы жоғары

886

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеше VII шақырылымдағы Парламентттің бірінші сессиясының ашылу салтанатында сөз сөйледі.

Мемлекет басшысы жиын барысында жетістіктерді айта келіп, сол бағдардан жаңылмау – негізгі міндет екенін атап өтті. Ендігі кезекте барлық күш-жігерімізді тиімді мемлекет пен әділетті қоғам құруға жұмылдыра отырып, халықтың тұрмыс сапасын жақсартубасымдық ала бермек. Реформаларды сапалы заңдар арқылы жүргізу – ұзақ мерзімді жетістікке жетудің басты шарты.

Мақсатымыз – озық дамыған елдердің қатарына қосылу екені белгілі. Ол дегеніміз – дені сау, білімді және бақуатты жұрт. Келешекте мемлекеттік басқарудың жаңа моделін енгізу жоспарланып отыр. Осы бағыттағы реформалар жүйені байыппен орталықсыздандыруды, мемлекеттік аппаратты жаңғыртуды, квазимемлекеттік секторды оңтайландыруды және барлық үдерісті цифрландыруды қамтиды. Сол арқылы мемлекеттік аппарат барынша ықшам, ашық әрі тиімді, ал, шешім қабылдау үдерісі икемді және айқын болады. Жаңа стандарттарға сәйкес 3500-ден астам ауыл жаңғыртылмақ. Қуаныштысы, ауылға баратын жолдар мен республикалық маңызы бар күре жолдар 100 пайыз жөнделеді.

Биылғы жылдан бастап жекелеген ауылдық округтерде ауыл әкімдерін сайлау науқаны өтеді. Осылайша жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту бағытында маңызды жобалар жүзеге асады. БОан кейін аудан әкімдерін сайлауға көшуге болады. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы саяси партиялардың Мәжіліске өту шегін 7-ден 5 пайызға төмендету қажеттігін атап өтті. Бұл партияларды алдағы сайлауларға қатысуға ынталандырады.

Серік ДҮЙСЕНБАЕВ,

облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<