Мерейлі отбасылар марапатталды

1712

0

Бүгін А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде отбасылық құндылықтардың жандануына, дәстүрлердің жаңғыруына, түрлі буын өкілдерінің арасындағы сыйластықтың нығаюына, ұрпақ тәрбиесіне жаңаша дем беріп, өнегелі әулеттердің өрісін кеңейтуге ықпал еткен «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы қалалық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттауға арналған салтанатты шара өтті.

​Марапат биігінен көрінген үлгілі отбасыларды құттықтаған қала әкімінің орынбасары Дінмұхамед Ермеков «Отбасы-сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтың ошағы, яғни кез келген қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі. Ал, жанұяның береке-бірлігі-сәбидің, әр баланың болашақ қадамы мен бақытты жүзінде» – деп, жеңіске жеткен 7 жанұяға шаһар басшысының алғыс хаты мен арнайы сыйлықтарын табыс етті.

​Бұл байқауға қатысуға 21 отбасы өтініш тапсырған болатын. Комиссияның шешімімен іріктеуден өткен 7 отбасы түрлі номинациялар және жүлделі орындармен марапатталды.

​«Еңбекқор отбасы» – Қызылорда қаласының тұрғындары Иманғалиевтер отбасы;
​«Ұстаздар отбасы» – Тасбөгет кентінің тұрғындары Баймановтар отбасы;
​«Өнерлі отбасы» – Қызылорда қаласының тұрғындары Бектұрғановтар отбасы;
​«Өнегелі отбасы» – Қызылорда қаласының тұрғындары Есжановтар отбасы;
​ІІІ дәрежелі дипломмен Қызылөзек ауылының тұрғындары Сапаржановтар отбасы;
​ІІ дәрежелі дипломмен Қызылорда қаласының тұрғындары Сұлтан отбасы;
​І орынға Қызылорда қаласының тұрғындары, ғалымдар отбасы Байұловтар отбасы лайық деп танылды.

​Марапаттау рәсімінен соң қала өнерпаздары ән-жырдан шашу шашып, береке-бірлігімен, өнегелі тірлігімен дараланған отбасыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<