Жаңақорғанда белгілі композитордың кеші өтті

981

0

Кеше М.Көкенов атындағы мәдениет үйінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қазақстан Республикасы «Мәдениет қайраткері» төс белгісінің иегері, Сыр елінің тума таланты, республикаға танымал әнші – композитор, Афьон қаласы және Жаңақорған ауданының «Құрметті азаматы», Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты Сауранбек Елеуовтың шығармашылығын насихаттауға арналған «Жұлдызым» атты облыстық ән кеші өтті.

Халқымыз – ежелден өнер сүйген, өнерпаздарын қадірлеген. Сыр елінің осындай талантты ұлдарының бірі де бірегейі көкірегіне әуезді ән ұя салған Сыр елінің тума таланты, әлемді әнімен қатар даусымен де таңдай қақтырған Сауранбек Елеуов туған өлкенің өркендеуіне өздігінен үлкен үлес қосып жүрген азаматтардың бірі.

Кеш барысында облыстық әншілер байқауында аудан әкімі Руслан Рүстемұлы Рүстемов сөз алып, құттықтауын табыстап, өнер майталманына ізгі лебізін білдірді.

Кеш соңында әнші композитор, Сауранбек Елеуов бүгінгі кешті ұйымдастырушыларға ел ағаларына алғысын білдіріп, өзінің ұлымен бірге ән шырқады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<