15 ақпан қандай күн?

1064

0

15 ақпан – Халықаралық қатерлі ісікке шалдыққан балалар күні

Бұл күн күнтізбеде алғаш рет 2001 жылы Бүкіләлемдік қатерлі ісікке шалдыққан балалар ата-аналарының конфедерациясының бастамасымен пайда болды. Алғаш рет 15 қаңтар күні Люксембургте атап өтілді, алайда кейінірек бір айға кейінге жылжыту туралы шешім қабылданды. Қатерлі ісікке шалдыққан балалар күні Халықаралық балалар онкологтар қауымдастығының бастамасымен әлемнің 40-тан астам елінде атап өтіледі.

15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Совет әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні

1989 жылы Совет әскерлері (40-шы әскер және оған іссапарға жіберілген бөлімшелер) Ауғанстан аумағынан шығарылды. Совет Одағының 500 мыңнан астам азаматы Ауғанстан Демократиялық Республикасында әскери қызметін өтеді, оның ішінде 22 269-ы – қазақстандық. 15 мың жауынгер сол соғыстан оралмады. Ауған соғысы жылдары Қазақстанның жалпы адам шығыны 889 адамды құрады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<