Қалалық білім бөліміне жаңа басшы тағайындалды

488

0

Бүгін Қызылорда қаласы білім бөлімінің басшысы лауазымына Әбдіқалықова Меруерт Наушақызы тағайындалды.
Меруерт Наушақызы 1969 жылы 30 сәуірде Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді. 1992 жылы Қызылорда педагогикалық институтының филология факультетін бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы Қызылорда қаласында орналасқан №23 мектепте қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде бастап, Қызылорда және Тараз қалаларында ұстаздық қызметтерді абыроймен атқарып келді.
2014 жылдан бері қаламызда білімнің қара шаңырағы болып саналатын №3 мектеп-лицейінің директоры қызметінде.
Білім саласына сіңірген еңбегі үшін көптеген алғыстармен, наградалармен марапатталған.
2008 жылы «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» атанған.
Қазақ тілі мамандарына арналған «Тілдер нормасы» әдістемелік нұсқаулығының авторы.
2013 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі берген «2013 жылдың Үздік педагогы» атағының иегері.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<