Арал теңізін толтыру үшін тамшылатып суару әдісіне көшу керек

370

0

Арал теңізін толтыру үшін сол өңірдің ауылшаруашылығын тамшылатып суару әдісіне көшіру керек дейді мамандар. Маман болғанда мұндай пікірді Өзбекстанның Қазақстандағы елшісі Саидикрам Ниязходжаев айтты.
Орталық Азияның аймақтық экологиялық орталығы өткізген семинар кезінде түсінгеніміз, осы тәсіл арқылы су ресурсын үнемдеуге болады екен. Демек үнемделген суды Аралға құяды. «Теңіз тамшыдан» демекші, ол да бір оң бастама шығар. Сондай-ақ мақта егуді азайтып, тиімділігі мен пайдасы көп дақылдар өсіру қолға алынуы жөн екені де тілге тиек болды. Мұндай шара экологиялық жағдайды жақсартуға септігін тигізеді деген болжам бар.
Айта кетейік, бұған дейін Аралды сауықтыру үшін 5 жоба құрылып, оған Орталық Азия мен Еуропа және Америка елдері 30 млн доллар бөлген болатын. Теңізді оңалту үшін дәл осы мөлшердегі қаржылай көмек тағы да бөлінеді. Ақша жасалған бес жобаны іске асыруға жұмсалады. Әсіресе суды бұруға әрі апаруға қаржы керек.
Медет Жәдігерұлы, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Су ресурстар комитетінің бас сарапшысы:
– Сырдария өзенінің бойындағы мемлекеттер ирригациялық режимде жұмыс істейтін. Тәуелсіздік алғаннан кейін бұл мемлекеттер билігі өз қолында. Қырғызстан энергетикалық су режиміне көшіп кетті. Олар қыста суды көп тастап, жазда аз тастайтын болды. Бұл егін шаруашылығына қайшы. Осыған байланысты жаңа технологияларға көшіп жатырмыз, егіншілік шарушылығына.
«24.кз»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<