Аралда кенеге қарсы залалсыздандыру жүргізілуде

842

0

Жыл сайын көктем-күз айларында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын алу мақсатында елдімекендерде кенеге қарсы арнайы мекемелермен залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп келеді.


Аудан аумағында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының табиғи ошағында қоныстанған аудан тұрғындарын қорғау жөніндегі шараларды жүргізу мақсатында арнайы мекеме келіп, Арал қаласы мен ауылдық округтерде бекітілген кестеге сәйкес кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуді бастады.


Осы ретте залалсыздандыру жұмыстары жүргізілмес бұрын әрбір тұрғын мал ұстайтын қораларына санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізу үшін алдын ала дайындап қою керектігін ескертеміз.


Сонымен қатар механикалық тазарту жұмыстарының қорытындысында арнайы топ елді мекендерді аралап мониторинг жүргізетін болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<