Аралдық полицейлер «Алғыс хатпен» марапатталды

754

0

Арал аудандық Полиция бөлімінің бөлім бастығы полиция полковнигі Әміржан Өтегенов санитарлық талаптарды сақтай отырып, тергеу, анықтау құрылымдары бойынша 2020 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылады.


Қызметтік міндеттерін адал атқарған бөлімнің тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі полиция майоры Ғалымбек Төлегенов, анықтау тобының анықтаушысы полиция капитаны Әнуар Темірханов, жедел-криминалистика тобының аға криминалисті полиция капитаны Талғат Әбішев Қызылорда ОПД бастығының «Алғыс хатымен» марапатталды.
«Еліміздегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтап, қызметтерінде жоғары көрсеткішке ие болып, міндеттерін адал атқарып жүрген қызметкерлерімізге алғыс білдіреміз. Отанымыздың өркендеуіне қосып жатқан үлестеріңіз аз емес, еңбектеріңіз әрқашан жемісті де табысты болғай»,-деді бөлім бастығы полиция полковнигі Ә.Өтегенов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<