\»Ардагерлер аллеясы\» болашақта жасыл желекті мекенге айналады

148

0

Көркейту-көгалдандыру екі айлығы аясында аудан әкімі Ғанибек Қазантаевтың бастамасымен Сырдария ауданында қоғам үшін тиімділігі мол жүйелі жұмыстар жүзеге асуда.
Соның бірі аудандық орталық аурухана жанынан ашылған «Ардагерлер аллеясы» мен аталған мекенде атқарылған игі жұмыстар.
Бүгінгі күнге дейін «Ардагерлер аллеясына» ауданның дамуына сүбелі үлес қосқан ардагерлер, оның ішінде денсаулық сақтау саласында еңбек етіп, құрметті зейнет демалысына шыққан аға буын өкілдері 50-ден астам көшет отырғызды.
Көшеттер маңына арнайы тақтайшалар орнатылып, талды еккен ардагерлердің аты-жөндері жазылған. Бұл бір жағынан аудан орталығының жасыл желекке айналуына септігін тигізсе, екінші жағынан жастар үшін зор үлгі-өнеге.
Қазіргі таңда «Ардагерлер аллеясына» егілген көшеттер күнделікті суарылуда және барлығы көктеп тұр. Жалпы алғанда, «Ардагерлер аллеясы» болашақта жасыл желекті мекенге айналатынына сенім мол.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.