ҚАЗАЛЫ ҚАЛАСЫ МЕН ӘЙТЕКЕ БИ КЕНТІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

371

0

Бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың Қазалы ауданына жұмыс сапары барысында Қазалы қаласы мен Әйтеке би кентін дамыту мәселелері туралы мәжіліс өтті.  
Бұл мәселе бұған дейін 2 рет арнайы мәжілісте талқыланған. Осының нәтижесінде кейбір жобалар қолдау тауып, бірқатар жұмыстар басталып кетті. Бұл туралы Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев баяндады.
Әйтеке би кентінің 55 көшесін орташа жөндеуге 2,7 млрд. теңге болатын жоба-сметалық құжаттары әзірленді. Осыдан 3 көшені (Қ.Ерімбет, Жетес би, Ер Мағзаман) орташа жөндеуді бастауға облыстық бюджеттен 120 млн. теңге бөлінді. Ал Қазалы қаласындағы 10 көше моноқалаларды дамыту бағдарламасына сәйкес кезең кезеңімен шешімін таппақ.
Инфрақұрылыммен қамтамасыз етіліп жатқан кенттегі 180 гектар аймақтан Рәміздер алаңы мен Демалыс паркiн салу үшін 8,2 гектар жер учаскесі белгіленді.
Екі аралықты қосу мақсатында аудандық аурухана жанынан 250 орынға арналған аудандық емхана құрылысы, 2 қабатты 12 тұрғын үй құрылысы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті аудандық бөлімінің кеңсе ғимараты, аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі құрылысының жобалары әзірленуде.
Ал Қазалы қаласын газдандыруға байланысты аудан тарапынан жобалау-іздестіру жұмыстары жасалып, жоба-сметалық құжатына қажетті қаржы көлемі нақтыланды.
Әйтеке би кентінің аумағынан «Жасыл белдеу» ұйымдастыруға 13,3 гектар жер учаскесі белгіленген болатын. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай»  автожолының бойынан 7 гектарға, Әйтеке би кентінің бас қақпасынан темір жол өткеліне дейінгі аралықтағы 2,6 гектарғаарық қазу, қоршау шартақтарын орналастыру жұмыстары атқарылды. Бүгінгі күнге 2 белдеуге барлығы 26 мың түп сыр талы, 5 мыңқара ағаш, 10мың қаламша отырғызылды.
Өткен жылы Әйтеке би кентіндебасталған 18 пәтерлі 6 тұрғын үй құрылысы жыл соңына дейін аяқталмақ.
Сонымен қатар, «Шағала» балаларды сауықтыру демалыс орталығының құрылысы жобасымемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде іске асыру қарастырылуда.
Мәжіліс соңында аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев аудан әкімі мен басқарма басшыларына қала мен кентті қосу бойынша жұмыстарды қатаң бақылауды, бөлінген қаржыларды уақытылы игеруді және екі аралықтан жаңа үлгідегі кәсіпкерлік нысандарын салу үшін инвесторларды тарту жолдарын қарастырып, келісімдер жасауды тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<