Байқоңыр ұлттық цифрлық хабарлармен толық қамтылатын болады

433

0

Байқоңыр қаласы ұлттық цифрлық телерадио хабарларымен толық қамтылатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазтелерадио» АҚ ақпаратына сәйкес, Сыр өңірінде ұлттық цифрлық хабарлар тарату қызметіне қосылған азаматтар облыс тұрғындарының 84 пайызын қамтиды. Нақты айтқанда, 114 205 абонент сол игілікті тұтынады. Бұл жөнінен Байқоңыр қаласы төменгі көрсеткіште қалып отыр. Онда ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосылған азаматтар жергілікті тұрғындардың 27 пайызын ғана құрайды.

Бұл жөнінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев облыстық әкімдіктің аппарат мәжілісінде өз пікірін білдірді.

«Біз ішкі саясатымызды дербез жүргізетін мемлекетпіз. Өзіміздің құндылықтар, өзіміздің ішкі саясатымыз бар. Байқоңырдағы қазақстандық азаматтар ең бірінші ақпаратты өзіміздің ұлттық телеарналардан алуы тиіс», – деп атап өтті облыс әкімі.

Айта кетсек, 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Алматы облыстарын цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшіру жоспарланып отыр.

Әділжан Үмбет

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<