
Б.Намаев 1964 жылы туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін “Саясиэкономика” мамандығы бойынша, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалықуниверситетін “Мұнай-газ құбырлары мен қоймаларды жобалау, салу жәнепайдалану” мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ, М.В.Ломоносов атындағыМәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын тәмамдаған. Экономикағылымдарының кандидаты.
Еңбекжолын 1985 жылы Өскемен құрылыс-жол институтының Алматы филиалыжалпытехникалық факультетінің ассистенті болып бастаған. Әр жылдары жекесектор мен «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының жүйесіндежауапты басшылық лауазымдарда болған және “Батум мұнай терминалы”компаниясының бас директоры қызметін атқарған.
2018-2019 жылдары Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасын басқарды. 2019 жылдың сәуірінен бастап облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.