«Болашақ» университетіне жаңа ректор тағайындалды

278

0

«Болашақ» университетінің ректоры лауазымына техника ғылымдарының кандидаты, жас ғалым Қуаныш Дәуренбеков тағайындалды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
 Қуаныш Қойшығұлұлы 2005 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінде «Инженер-жүйетехник» біліктілігін үздік дипломмен бітірген.
Еңбек жолын Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінен бастап, Мәскеу қаласындағы И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетіне «Математическое и программное обеспечение вычислительных машин, комплексов и компьютерных сетей» мамандығы бойынша аспирантураға түскен.
2008 жылы профессор И.В.Ретинскаяның ғылыми жетекшілігімен «Адаптивная обучающая программа для нефтегазовой отрасли» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады.
Қызылорда облысының «Жыл ғалымы» номинациясының, республикалық «ХХІ ғасыр оқытушысы» конкурсының І орын, «ЖОО үздік оқытушысы-2013» грантының иегері атанды. Одан өзге, 80-нен астам ғылыми еңбектің, 1 патент, 6 авторлық куәлік, 1 оқу, 4 әдістемелік құралдың авторы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<