
Айта кетейік, рейтингті жасаған кезде аяқталған және алдағы маусымдағы әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарының нәтижесі, сол маусымдар мен жекелеген халықаралық жарыстардың Гран-при кезеңдерінің үздік нәтижелері есепке алынады.Әйелдер арасында бірінші орынды ресейлік Алина Загитова алған. Оның активінде 4510 ұпай бар. Екінші орынды жапондық Сатока Мияхара – 3459 ұпаймен иеленген. Үшінші орынды ресейлік Евгения Медведева – 3384 ұпаймен алды. Тұрсынбаева 3108 ұпаймен алтыншы орынға ие болды. Соған қарамастан, Элизабет маусымдағы жеке рейтингте төртінші орында тұр. Еске салайық, биыл Тұрсынбаева әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.