Құрметті қызылордалықтар!
Сіздерді Отан қорғаушылар мен Ұлы Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Елбасы, Бас Қолбасшы Н.Назарбаевтың «Саны жағынан жинақы, ұтқыр, жақсы жабдықталған, әзірлігі жоғары әскер құру керек» деген ұстанымына сәйкес елімізде ұлттық әскердің сапасын арттыруға оң өзгерістер мен тың бетбұрыстар жасалуда. Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ерліктеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, олардан өнеге алып өсетін жас ұрпақ Отанына адал қызмет етеді деп сенеміз.
9 мамыр – Жеңіс күнінің мерекесі – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі де – батыр бабаларымыздың ұлы ерліктерінің жемісі. Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Сондықтан, осынау ерлікке толы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.
Құрметті ардагерлер!
Сіздердің және ерлігімен есімдері тарих парағына жазылған батыр бабалар алдында өлшеусіз қарыздармыз. Майдан даласында қаза тапқандардың рухтарына бас иіп, тағзым етеміз. Елбасымыз Н.Назарбаев майданнан оралмаған жауынгерлеріміздің есімін мәңгі ел есінде сақтауда және арамызда жүрген ардагерлеріміз бен тыл еңбеккерлерін ардақтауда әрқашан мемлекеттің қамқорлығы болатынын айтып, жарқын бастамаларға жол ашып келеді.
Осынау айтулы мерекеде отбастарыңызға амандық, зор денсаулық, бақ-береке тілеймін.
Құрметпен,
Қызылорда облысының әкімі
Қ.Көшербаев.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<